7 маусымнан 12 қыркүйек аралығында сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін салмағы 3,5 тоннадан астам барлық жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады. Бұл шектеу тек өндіріс аймақтарына қатысы жоқ, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.
Бұл шара ЭКСПО-2017 өту барысында Астананың көлік желісін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Кәсіпорындардың коммерциялық қызметін жүзеге асыру және қолайлы болу үшін сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін жүк көліктеріне рұқсат етіледі. Транзиттік жүк көліктеріне арналған шектеу қойылған аумаққа енбейтін айналма жолдар бар.